Жаңалықтар

Су тасқыны: Құлсарыда жоғалған әкесі мен ұлы табылмай жатыр

Су тасқыны: Құлсарыда жоғалған әкесі мен ұлы табылмай жатыр
Фото: ©pixabay.com 09.04.2024 11:01 2736

Құлсарыда су басқан үйін көруге шығып, із-түссіз кеткен әкесі мен ұлы төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Диана Нұржауова әкесі Болатбек Ермекбаев пен ағасы Асылхан Нұржаудан көз жазып қалған. Олар төрт күн бұрын  резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткен, бірақ әлі күнге дейін  хабар жоқ. Көліктері дүкеннің жанынан табылған. 

Ол жақын жандары жоғалған кезден бастап, ТЖД өкілдеріне, полицияға хабар берген. Бірақ құзырлы органдардан ешқандай көмек болмағанын айтады. 

Полиция өкілдері осы аймақты күзетуі керек. Себебі менің әкем мен ағам секілді қанша адам үйлерін қарау үшін кетіп жатыр. Олар да ойда-жоқта жазым болуы мүмкін ғой? Тілшілерге мән-жайды айтқан соң ғана құзырлы органдар қимылдай бастады, - дейді Диана Нұржауова.

Атырау облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов әзірге іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей отырғанын айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға