Жаңалықтар

Су тасқыны: ҚМДБ зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр

Су тасқыны: ҚМДБ зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр
Фото: Ortcom.kz 10.04.2024 15:17 3134

Су тасқыны орын алған алғашқы күннен бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет және қайырымдылық қоры, Жастар кеңесі мен Жастар секторының еріктілері арнайы топтарға бөлініп, өңірлерді аралап, көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 100 тоннадан астам гуманитарлық жәрдем көрсетілді. Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарына 100 тонна ұн, 860 қап ұн-жарма, 4448 литр күнбағыс майы жеткізілді. 60 «Газель» мен 13 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмекке азық-түліктен өзге тұрмыстық заттар мен түрлі құралдар да енді, - деді ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қажетті заттарды сатып алу үшін басқа облыстардан қосымша 23 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға