Су тасқыны қаупі ең жоғары өңірлер анықталды

Қазгидрометтің алдын ала болжамы бойынша қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін ескере отырып, су тасқыны қаупі бар өңірлер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәуекелдері жоғары – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Абай, Жетісу облыстары.
Орташа тәуекелі бар өңірлер – Павлодар және Ұлытау облыстары.
Тәуекелдері төмен – Маңғыстау облысы.
"Қазгидрометтің деректері бойынша наурыз айында ел аумағының басым бөлігінде нормадан жоғары жаңбыр мен сулы қар түрінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарында және Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында температуралық фонның жоғарылауы болжанады", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
