Жаңалықтар

Су тасқыны: Көкшетаулықтар тұрғын үймен қамтамасыз етілді

Су тасқыны: Көкшетаулықтар тұрғын үймен қамтамасыз етілді
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 09.07.2024 12:20 574

Ақмола облысы Көкшетау қаласында су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған белсенді жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басты мақсат – үйлері тұруға жарамсыз болып қалған барлық азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Соңғы екі айда 90-ға жуық отбасы жаңа пәтер алды.

Елорда күні мерекелеу кезде Көкшетау қаласында су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасына кілттерді табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. 26 көп балалы ана да жаңа тұрғын үйдің иегері атанды.

Мүлікті өтеумен қатар, оларды қауіпсіз аймақтарға көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін Атбасар қ. екі 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тағы бір 100 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Бұланды, Жарқайың және Есіл аудандарында жеті жеке үй салынуда. Бұланды ауданында тағы 58 үйдің құрылысы осы айда басталады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақмола облысында барлығы 1 265 нысанда техникалық зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

- 331 тұрғын үй салу – 273-і басталды;

- 220 тұрғын үй сатып алу – 216 үй сатып алынды;

- 714 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға