Жаңалықтар

Су тасқыны: БҚО-да 9 мыңға жуық отбасына әлеуметтік көмек берілді

Су тасқыны: БҚО-да 9 мыңға жуық отбасына әлеуметтік көмек берілді
Фото: ©pixabay.com 22.05.2024 12:20 521

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 9 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Тұрғындардың шығынын есептеу жөніндегі комиссия қорытындысы бойынша тұрғын үйлерін жөндеуге 253 отбасыға 422 млн теңге қаржы төленді. Алдағы уақытта тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдерді беру жалғасуда, - делінген хабарламада.

Бұған дейін, 27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталатынын хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға