Су тасқыны: 63 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
02.06.2024 10:32
716
Су тасқыны кезінде республика бойынша эвакуацияланған 63 063 адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 маусым сағат 10:00-дегі ақпаратқа сүйенсек, 5268 тұрғын әлі эвакуациялау пунктерінде қалып отыр.
Жалпы су тасқыны кезінде 28,2 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 8,1 млн-нан астам қапшық және 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді