Жаңалықтар

Су тасқыны: 206 отбасы жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алып үлгерді

Су тасқыны: 206 отбасы жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алып үлгерді
Фото: t.me/KZgovernment 19.04.2024 09:13 507

Мемлекет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасуда. Үкімет бұл жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізуде.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер береді. Бүгінгіц таңда 16 343 өтініш қабылданған.

Биылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңге сомасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті. Бұл қолдау шарасы 1377 отбасын қамтыды.

Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3053 тұрғын үй тексеріліп, 1807 нысан бойынша бағалау жүргізілді.

Қазірдің өзінде 206 отбасы 254 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алып үлгерді.

Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауында. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен барлық азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
     

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға