Жаңалықтар

Су тасқыны: 202 отбасы тұрғын үй мен пәтер алды

Су тасқыны: 202 отбасы тұрғын үй мен пәтер алды
Фото: t.me/qr_tjm 17.05.2024 10:34 814

Су тасқынынан кейін қазақстандық 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің мәліметінше, бүгінгі таңда 24 641 отбасы 9,3 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.

17 мамырдағы жағдай бойынша бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр. 

Сонымен қатар 596 отбасына 878 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілді. 

Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауында. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың барлығына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға