Су спорты: Қазақстан қыздар құрамасы жеңімпаз атанды

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 13-15 жас аралығындағы спортшы қыздарымыз көркем жүзуден топтық сайыстың еркін бағдарламасында жеңімпаз атанды.
Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан қыздар құрамасы: Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадулина, Анджелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Джаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирева (резерв: Аяулым Жакпаева, Перизат Бекпаева) 212.5417 ұпаймен жеңіске жетті. Ал Сингапур қыздары (208.8912) екінші орынға ие болды. Жүлделі үшінші орын Өзбекстан (202.5843) қыздар құрамасына бұйырды.
Оқи отырыңыз:
- Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
- Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан гран-при кезеңінде екі медаль еншіледі
