Су спорт федерациясы басқаша атауға ие болды
Бүгін Алматыда Қазақстан Су спорты түрлері федерациясының конференциясы өтіп, аталған жиында федерацияның атауы «Kazakh Aquatics» болып өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған ұйымның атауын өзгерту – стратегиялық шешімнің бірі. Басты мақсаты – халықаралық қатынастарды нығайтып, су спорты түрлерінің заманауи стандарттарға сай болуына жол ашу. Федерацияның басшылығы ұйымның табысты дамуына және жоғары жетістіктерге жетуі жолында барлық тараппен әріптестік орнатуға сенімділік білдіру.
Аталған жиынға аймақтардағы өкілдер, ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің мүшелері қатысты.
Конференция барысында федерацияның президенті мен атқарушы комитеті сайланып, федерацияның соңғы кезеңдегі қызметі мен алдағы олимпиадалық циклдегі жоспарлары талданды.
Конференцияда федерацияның президенті қызметіне Андрей Крюков бірауыздан сайланды. Сонымен қатар федерация Атқарушы комитетінің жаңа құрамы жасақталды. Ұйымның өзіндік стилін реформалап, жаңа ережелерді енгізіп, қаулылық құжаттарды жаңарту тұрғысынан да маңызды шешімдер қабылданды.