Жаңалықтар

Су ресурстары министрлігі су қоймалардағы жағдай туралы айтты

Су ресурстары министрлігі су қоймалардағы жағдай туралы айтты
Фото: ТЖМ 29.03.2024 17:08 680

Су ресурстары және ирригация министрлігі көктемгі су тасуға байланысты су қоймалардың жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көктемгі су тасу кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің негізгі міндеті - су қоймаларына тасқын суын жинау.

Ол үшін алдын ала республикалық меншіктегі барлық су қоймаларында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалды.

Қазіргі уақытта барлық су қоймалары су жинау тәртібінде жұмыс істеп жатыр.

- Еліміздің солтүстігінде ірі су қоймалары орта есеппен 68%-ға толды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық;

- Оңтүстікте бұл көрсеткіш 80%-ды құрайды;

- Батыста, орта есеппен су жинау көрсеткіші 71%, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға көп;

- Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60%-ға толы, бұл бір жыл бұрынғыдан 9%-ға артық;

- Орталық Қазақстанда бұл көрсеткіш 66%-ды құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға