Жаңалықтар

«Су құбыры бар, бірақ су жоқ». Сенатор Үкімет жұмысын сынады

«Су құбыры бар, бірақ су жоқ». Сенатор Үкімет жұмысын сынады
Фото: ©AP/Gregory BULL 20.06.2023 16:44 816

Ауылдарда үй шаруашылықтарының тек 57,9%-ы орталық сумен жабдықтауға қосылған. Бұл туралы Сенат депутаты Ернұр Әйткенов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспары күмән тудыратынын айтты.

Ауыл тұрғындарының 29,1%-ы көшедегі су құбыры құдығына баруға мәжбүр, ауылдық үй шаруашылығының тағы 4,2%-ы алыстан жеткізілетін суды пайдаланады, - деді депутат.

Әйткеновтің айтуынша, 2022 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 231,0 млрд теңге бөлінді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта ел халқының сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі қалаларда 98,4%, ауылдық аумақтарда - 94,5%-ды құрайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елді мекен ішінде жергілікті су құбыры желілерін салуға жауап береді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі елді мекеннен тыс магистральдық су құбырларына жауап береді және жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер жергілікті су құбыры желілеріне қызмет көрсетумен айналысады. Нәтижесінде: су құбыры бар, бірақ су жоқ немесе керісінше. Менің ойымша, осы және басқа да факторлар Үкіметтің 2025 жылға қарай Қазақстан халқын 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі өршіл жоспарының орындалуына күмән туғызып отыр, - деді Әйткенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға