Жаңалықтар

Су QR-код арқылы беріле бастайтыны рас па?

Су QR-код арқылы беріле бастайтыны рас па?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.07.2023 05:09 809

Instagram-да Нигерияда түсірілген видео тарады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Онда су алуға келген екі әйел алдымен сканерді қолданатыны көрсетілген. Видео жазбасында олар QR-кодты сканерлеген, онсыз елде су алу мүмкін емес деп жазылған. Бұл жалған.

Бұл видео желіде 2023 жылдың наурыз айында тарай бастаған болатын. Барлық жерде видеоның Нигерияда түсірілгені және әйелдер су алу үшін QR-кодты пайдаланатыны жазылды.

Шын мәнінде, бұл видео Нигерияда емес, Малавиде түсірілген. Видео кейіпкерлері кәдімгі су сататын автоматты пайдаланады. Олар QR кодын емес, су сатып алу үшін төлем жасауға банк картасын өткізген.

Мұндай автоматтар Малавиде 2020 жылдың екінші жартысында, COVID-19 пандемиясы кезінде орнатылды. Бұған дейін төлемді автоматтың жанында белгілі бір уақытта кезекшілік ететін адам алатын. Осыған байланысты суға ұзақ-сонар кезек қалыптасып, ауру жұқтыру ықтималдығы едәуір артқан. Автоматтандырылған су беру жүйелерін орнату тәулік бойы жұмыс істейді және үшінші тұлғалардың қатысуын қажет етпейді, өйткені сатып алушылар тікелей төлем жасайды. Демек, таралған ақпарат – фейк. Кадрларда Нигериядағы QR-код бойынша су беру жүйесі емес, Малавидегі кәдімгі су сататын автомат көрсетілген, - делінген Stopfake.kz сайтында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға