Жаңалықтар

Су қоймаларындағы жағдай бақылауда - ТЖМ

Су қоймаларындағы жағдай бақылауда - ТЖМ
Фото: t.me/ortcom_kz 27.04.2024 17:00 570

Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресей Федерациясының Иреклі су қоймасынан жіберілген тасқын суы еліміздің аумағы арқылы өтіп жатыр.

ТЖМ мәліметінше, «Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқаруда.

Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасына су жиналып жатыр. Қазір су қоймаларында 226 миллион текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 87%-ы. «Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалы Ресейден келген 30 млн текше метр тасқын суын облыстағы Қамыс-Самар көлдеріне жіберді, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Өңірде «Альва» және «Кеңбидайық» лиманды суару жүйелері 100%-ға толды. Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қозыкөш, Мұқыр және Қарасу өзендерінің арналары суға толды. Қорғалыжын қорығының Теңіз көліне 1,5 млрд текше метр су жіберілді.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 50%-ға толды.

Жамбыл облысының Тасөткел су қоймасынан Шу өзеніне су жіберілді. Сәуір айының басында бұл су Түркістан облысы Созақ ауданының аумағынан өтті. Тасөткел су қоймасынан су жіберу 1 мамырға дейін жалғасады, осы уақыт ішінде Шу өзені арқылы Созақ ауданына шамамен 1 млн текше метр су келуге тиіс, - деді спикер.

Алғаш рет Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан жіберілген су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне түсті. Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына қолайлы әсер етуге тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға