Су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қапшағай су қоймасының акваториясыда рейдтік іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін бұзушылар анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес су айдындарындағы тәртіп ережелерін бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Жұмыс әрі қарай жалғасын табады.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.
ТЖМ суда қауіпсіздік ережелерін еске салады:
суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
мас күйінде суға түспеңіз;
су көліктеріне жақын жүзбеңіз;
тәуліктің қараңғы мезгілінде шомылмаңыз;
балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
