Жаңалықтар

Су добынан Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Иранмен ойнайды

Су добынан Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Иранмен ойнайды
06.10.2023 22:03 741

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалында жарыс қожайынымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі Азиада чемпионы мен биылғы сары құрлық чемпионатының жеңімпазы арасындағы матч алғашқы минуттан бастап тартысқа толы болды. Бірінші ширекте қазақ ватерполшылары 3-2 есебімен алға шыққан. Ал қалған екі сетте жарыс қожайыны басым болды. Негізгі уақыт 13-13 аяқталды. Пенальти сериясында Қытай құрамасы жеңіске жетті.

Ханчжоудағы бәсекені Ұлттық құрама В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген. Сосын, ширек финалда Оңтүстік Кореядан 15-8 есебімен жеңген.

Енді қола медаль үшін Қазақстан мен Иран, алтын үшін Жапония мен Қытай таласады.

Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндегенін (2006 жылы) айта кетейік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға