Жаңалықтар

Студенттерге жатақхана автоматты түрде беріледі – Жаслан Мәдиев

Студенттерге жатақхана автоматты түрде беріледі – Жаслан Мәдиев
Фото: ©Pixabay.com 01.04.2025 10:32 422

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн форматта қолжетімді екенін және цифрлық сервистерге қолжетімділік артып келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр бала дүниеге келген кезде азаматтар енді құжаттарды ресімдеуге, еңбекке жарамсыздық парағын алуға немесе жәрдемақы рәсімдеуге уақыт жұмсамайтынын айтты.

Барлығы автоматты түрде смартфон арқылы шешіледі. Астана қаласы мен Ақмола облысында жаңа туған нәрестелерге жеке сәйкестендіру нөмірін автоматты түрде тағайындау сынақтан өтті. Сондай-ақ өткен жылы Тараз қаласында балабақшаға қабылдау кезінде ваучерлік қаржыландыру тетігі сынақтан өткізілді. Нәтижесінде кезек 92%-ға қысқарды. Бұл тәсілдерді бүкіл өңірлерге масштабтауды ұсынамыз, – деді Жаслан Мәдиев.

Бұдан өзге колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу процесі цифрландырылғанын жеткізді.

Басқа қаладан келген студенттерге жатақхана енді өтінішсіз, автоматты түрде беріледі, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға