Жаңалықтар

Студенттерге құмар ойындарға қатысуды өз бетінше шектеу туралы түсіндірілді

Студенттерге құмар ойындарға қатысуды өз бетінше шектеу туралы түсіндірілді
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі 30.05.2024 21:47 469

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде және Astana IT University жоғары оқу орындарында «Лудомания. Қазақстан Республикасы азаматтары мен резиденттерін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Іс-шараның мақсаты – жастарға «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысуды өз бетінше шектеу туралы түсіндіру.
 
Семинар барысында Туризм индустриясы комитетінің қызметкерлері күдікті сайттарға және онлайн-казино, заңсыз лотерея ұйымдарының белгілері бар әлеуметтік желілерде сілтемелер анықталған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы сұрақтарға жауап берді.
 
Жастар арасында лудоманияның дамуына жол бермеу мақсатында Туризм индустриясы комитеті Астана қаласында орналасқан жоғары оқу орындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы лудоманияның дамуына жол бермеу жөнінде шаралар кешенін қабылдауды, оның ішінде мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға