Жаңалықтар

Студенттер панфиловшылар туралы фильмдерді тамашалады

Қазақ киносы
17.11.2016 05:36 6350

Жуырда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттеріне 1941 жылдың күзінде Мәскеуді қорғап қалған 316-атқыштар дивизиясына арналған екі тарихи картина – деректі және көркем фильмді көрсетті.

Студенттер панфиловшылар туралы фильмдерді тамашалады

 «Ел басына күн туса» көркем фильмі мен «316-ая стрелковая» деректі фильмдерінің көрсетілімі панфиловшы-батырлардың Мәскеу түбінде Волоколамск тас жолында неміс әскерін жеңген күніне 75 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Студенттер панфиловшылар туралы фильмдерді тамашалады

Академияның кинозалында өткен көрсетілімнен кейін студенттер майдангер режиссер Мәжит Бегалиннің інісі Қасым Бегалин, ҚР Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаевтармен сұхбат құрды.

Студенттер панфиловшылар туралы фильмдерді тамашалады 

«316-ая стрелковая» – Ұлы Отан соғысы кезінде құрмет белгісі ретінде қолбасшының атымен аталған жалғыз дивизия – Панфиловшы дивизиясына арналған деректі фильм. 1941 жылдың 16 қарашасы – Гитлер стратегиясының құрдымға кеткен күні. Фильм майдангер-жазушы Б.Момышұлының естеліктері негізінде түсірілген.

 Өндірісі: «Ғафу студиясы»

Шыққан жылы: 2015

Ұзақтығы: 44 минут

Сценарий авторы әрі режиссері: Бақыт Қайырбеков

«Ел басына күн туса» – 1941 жылы Мәскеу түбінде шайқасқан және 1941 жылдың 22 желтоқсанында неміс әскеріне төтеп берген Панфилов дивизиясына арналған көркем фильм. Ол да Бауыржан Момышұлының кітаптары негізінде түсірілді.

Өндірісі: «Қазақфильм» киностудиясы

Шыққан жылы: 1967

Ұзақтығы: 89 минут

Режиссері: Мәжит Бегалин

Сценарий авторлары: Василий Соловьев, Мәжит Бегалин

Операторы: Асхат Ашрапов

Суретшілері: Виктор Леднев, Ыдырыс Қарсақбаев

Композиторы: Эдуард Хагагорян

Рөлдерде: Всеволод Санаев, Кәукен Кенжетаев, Владлен Давыдов, Асанбек Өмірәлиев, Қуатбай Әбдірайымов


Әзірлеген – Айбота Өтеулі

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға