Жаңалықтар

Студенттер тұратын хостелдерге қойылатын талаптар күшейеді

Студенттер тұратын хостелдерге қойылатын талаптар күшейеді
Фото: primeminister.kz 13.06.2024 14:16 280

Қазақстанда студенттер жалдап тұратын хостелдерге санитарлық, өртке қарсы қауіпсіздік талаптары тұрғысынан қойылатын талаптар күшейеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларындағы 26 колледжде (18 жекеменшік, 8 мемлекеттік) білім алатын 990 студент 14 жатақханада тұрады.

Астана қаласының тәжірибесі көрсеткендей, студенттерді хостелге орналастыру үшін колледждер қауіпсіздік нормаларының талаптарын ескере отырып, студенттердің уақытша тұруы үшін хостелдерге арнайы тұрғын бөлмелері бар үй-жайларды іріктеу үшін конкурс өткізеді.

Оқу-ағарту министрлігі осыған байланысты, хостелдер мен қонақүйлерде тұратын студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында колледждер іріктеу кезінде хостелдерге қойылатын талаптарды күшейту ұсынылатынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға