Жаңалықтар

Студент ұшақ ішінде адам өмірін сақтап қалды

Студент ұшақ ішінде адам өмірін сақтап қалды
Фото: коллаж El.kz 14.01.2025 12:33 642

Qazaq Air әуе компаниясының Қызылордадан Астанаға бет алған ұшағында жолаушылардың бірі кенеттен есінен танып, жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сол кезде бортта болған екінші жолаушы көмекке келіп, жасанды массаж жасап, ұшақ қонғанша оны аман алып қалған.

Белгілі болғандай, адам өмірін сақтап қалған жігіттің есімі - Дінмұхамед Бектұрған, өзі студент. Бүгінде Астана медицина университетінің 7-курсында оқиды.

Борсеріктердің «Ұшақта медицина қызметкерлері бар ма?» деген сұрағын естідім. Жан-жағыма қарап ем, ешкім шықпады. Сондықтан барып көрейін деп шештім. Шамамен 50 жастағы кісіге көмек қажет болды. Ол кісі кеуде қуысының қысылуы жайлы шығымы болды. Сонан соң мен кісіге нақтылайтын сауалдар қойдым. Ауырсыну сол жақ қолына берілетінін айтты. Миокард инфаркті жайлы ойладым. Танометр алып, қан қысымын өлшесем, қан қысымы төмендеп кетіпті – 100/60. Басныда ол кісіде тахикардия болды. Бір минуттың ішінде ол кісі есінен танып қалды. Ол кісіні жерге жатқызып, жүрек-өкпе реанимациясын жасадым. Бірінші циклден соң ол кісі есін жинады, мен оған аспирин бердім. Әуежайға аман-есен қонып, жедел жәрдемге тапсырдық, - деді жігіттің өзі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға