Жаңалықтар

"Странджа" турнирінің жартылай финалында кімдер сынға түседі

"Странджа" турнирінің жартылай финалында кімдер сынға түседі
Фото: Бейнежазбадан скриншот 28.02.2025 05:34 407

Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" турнирінде 1 наурыз күні Қазақстан боксшыларының қатысуымен өтетін жартылай финалдық жекпе-жекке шығатын спортшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың қатарында ұлттық құраманың келесі боксшылары өнер көрсетпек: 

51 келі. Даниял Сәбит vs Нижат Хусейнов (Әзірбайжан)
54 келі. Тимур Қабдешов vs Кристофер Хиппократ (Франция)
57 келі. Оразбек Асылқұлов vs Худжаназар Нортожиев (Өзбекстан)
60 келі. Талғат Сырымбетов vs Радослав Росенов (Болгария)
60 келі. Серік Теміржанов vs Адам Хэшн (Ирландия)
63.5 келі. Ертуған Зейнуллинов vs Викторио Илиев (Болгария)
63.5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы vs Клэнси Дин (Ирландия)
67 келі. Төрехан Сабырхан vs Наби Исгандаров (Әзірбайжан)
71 келі. Абылайхан Жүсіпов vs Ронтани Гуиди (Италия)
71 келі. Фарух Тоқтасынов vs Лорис Идризли (Косово)
75 келі. Сабыржан Аққалықов vs Рами Киуан (Болгария)
75 келі. Тимур Нұрсейітов vs Джавохир Умматалиев (Өзбекстан)
80 келі. Ерасыл Жақпеков vs Димежи Шиту (Ұлыбритания)
86 келі. Нұрбек Оралбай vs Семен Болдырев (Болгария)
86 келі. Бекзат Нұрдәулетов vs Ян Зак (Израиль)
92 келі. Данияр Рахымбердиев vs Вагкан Нанитзанян (Грекия)
+92 келі. Айбек Оралбай vs Дамар Томас (Ұлыбритания). 

Аталған сында 48 келі салмақта сынға түскен Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты алғашқы жекпе-жегін тоқтатса, 54 келідегі Махмұд Сабырхан дәрігердің шешімімен бүгінгі кездесуіне қатыспайтыны бұған дейін белгілі болған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға