Жаңалықтар

Стокгольм синдромы

Стокгольм синдромы — басып алған кезде тұтқындар агрессорға қолдау білдіріп, оның ұстанымдарымен бөлісетін психологиялық күй.
03.02.2016 11:58 4004

Стокгольм синдромы

Стокгольм синдромы — басып алған кезде тұтқындар агрессорға қолдау білдіріп, оның ұстанымдарымен бөлісетін психологиялық күй.

Терминнің авторлығы Нильс Биджерот есімді криминалистке тиесілі. Ол бұл ұғымды 1973 жылдың тамыз айында орын алған Стокгольмдегі тұтқындарды басып алу оқиғасын зерттеу нәтижесінде қолданған болатын.  

Тұтқындар мен террористер ұзақ уақыт бірге болған кезде алғашқылардың психикасында қайта бағдарлану жүреді. Осы кезде Стокгольм синдромы пайда болады. Алғаш рет ол Швеция астанасында анықталған болатын. Екі рецидивист қаржылық банкте төрт адамды – бір ер адам және үш әйелді тұтқындайды. Алты күннің ішінде бұзақылар олардың өміріне қауіп төндіріп, бірақ ара-арасында белгілі бір деңгейде еркінсітіп отырды. Нәтижесінде басып алудың құрбандары үкіметтің оларды босату әрекеттеріне қарсылық танытып, бұзақыларды қорғай бастады. Кейіннен соттау кезінде тұтқындар бұзақыларды жақтаумен болды, екі әйел тіпті оларға күйеуге шықты. Тұтқындардың террористерге «бауыр басуы», оларға физикалық зақым келтірмей, тек моральдық қысым жасаған кезде ғана болады.

Стокгольм синдромы тұтқындарды бір-бірімен байланыса алмайтындай етіп бірнеше топқа бөліп ұстағанда күшейеді.

Агрессор террористке толықтай физикалық тәуелділік жағдайында адам оның әрекеттерін өз пайдасына шеше бастайды.

Стокгольм синдромының жарқын көріністері террористердің Перудегі Жапония елшілігін басып алуы кезінде орын алды. 1998 жылдың 17 желтоқсанында Перу астанасы Лимада, жапон елшісінің резиденциясында, Жапония императоры Акохитоның туған күніне орай салтанатты қабылдау өтіп жатты. Даяшы болып киінген террористер елшілікті 500 қонағымен бірге басып алған. Террористер «Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс» деп аталатын перулік экстремистік топтың мүшелері еді. Олар түрмеде жатқан өздерінің 500 жуық жақтастарын босатуды талап етті.

Екі аптадан соң террористер 220 тұтқынды босатты. Олар бұл қадамға тұтқындарды басқару жеңіл болу үшін барды. Бостандыққа шыққан тұтқындар Перу басшылығының басын қатырды. Олар күтпеген жерден террористер күресінің дұрыс және әділетті деп айтты.  

Перу билігінің пікірі бойынша, террористердің жетекшісі Нестор Картолини, бұрынғы тоқыма қызметкері, өте қатыгез адам болған. Ол Перудегі көптеген ірі кәсіпкерлерді ұрлап әкетіп, оларды бопсалап ақша мен өзге құнды заттарын тартып алып отырған. Алайда тұтқындарға ол жақсы пікір қалдырған. Канадалық ірі кәсіпкер Кьеран Мэткелф бостандыққа шыққан соң, Нестор Картолиниді сыпайы және көзі ашық, өз ісіне адал адам ретінде сипаттаған.

Стокгольм синдромы террористер тұтқындардың біреуін өлтірген кезде тарқайды.  


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға