Жаңалықтар

Степногорскте 85 млн-ға жуық теңгенің тендері заңсыз өткізілген

Степногорскте 85 млн-ға жуық теңгенің тендері заңсыз өткізілген
Фото: © Pixabay.com 18.12.2024 20:08 128

Степногорск прокуратурасы 85 млн-ға жуық теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алуды заңсыз өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның талаптарын бұза отырып, 84,8 млн теңге сомасына жылы аялдамаларды дайындау және орнату жұмыстарына ашық конкурс өткізуді көздегені анықталған. Атап айтқанда, жұмыстарды жасау жерін көрсетпеу, эскизді бекітпеу, сондай-ақ бағаны белгілейтін құжаттамалық негіздемесіз ұсыну (сметалық құжаттаманың болмауы) бұзушылықтары орын алған.

Облыстық прокуратура қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылғанын атап өтті. Бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған. Сол арқылы бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеген. Аталған заң бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға