Жаңалықтар

СҚО прокуратурасы жалған екпе қою фактілерін анықтады

СҚО прокуратурасы жалған екпе қою фактілерін анықтады
Фото: © El.kz 06.03.2024 08:37 766

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жалған екпе қою фактілерін анықтады. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексерулер нәтижесінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтар анықталған. Санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болған.

Тексерулер нәтижесінде қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілері расталған.   

Прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 385-бабы «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты орын алған.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға