Жаңалықтар

СҚО-дан жаңа сенатор болып Әсем Рахметова сайланды

СҚО-дан жаңа сенатор болып Әсем Рахметова сайланды
Фото: ҚР Сенатының баспасөз қызметі 09.06.2023 06:36 924

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында депутаттарға жаңа сенаторды таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ отырыс кезінде «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қаралып, мақұлданды.

Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев әріптестеріне Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған жаңа сенатор Әсем Рахметованы таныстырып, оған жаңа жұмыста сәттілік тіледі. Конституциялық нормаға сәйкес Әсем Рахметова ант берді, сондай-ақ, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым тұрақты комитетінің мүшесі болып сайланды.

Сонымен қатар Палата отырысында сенаторлар «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Бұл Келісім ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттік шекаралары арқылы мұндай тауарлардың тасымалдануына жол бермеу жөніндегі шартты қамтамасыз етеді.

«Мақұлданған заң ТМД шеңберінде жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу және жолын кесу үшін қажетті құқықтық орта қалыптастырады. Сол үшін Келісім арқылы мемлекеттер тарапынан қабылданатын бірлескен іс-шаралар мен құқықтық тетіктер айқындалады. Алдағы уақытта Келісім қатысушы мемлекеттердің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы әлеуетін арттыруға оң үлесін қосады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Бұдан басқа, Сенат отырысында Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы мәселе қаралды. Комиссия құрамына әр Палатадан 9 депутаттан мүше болады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Парламентте Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізетін парламенттік комиссия құру жұмыстары қолға алынды. Бұл комиссияның негізгі мақсаты – Президентіміздің реформалары аясында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыруға жәрдемдесу. Оның жұмысына Үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес сектордың өкілдері және сарапшылар мен ғалымдар қатысып отырады», – деді Сенат Спикері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға