Жаңалықтар

СҚО-да заңсыз аң аулаған күдіктілер ұстады

СҚО-да заңсыз аң аулаған күдіктілер ұстады
Фото: Polisia.kz 12.11.2024 15:17 370

СҚО-да полицейлер “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аққайың ауданының аумағында өткен осындай кезекті рейдтердің біріне “Советское” аңшылық шаруашылығының директоры мен қорықшылары, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының құрамындағы табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері қатысты. Олар орман ішінен мылтық даусын естіп, көлік фарасының жарығын байқап қалды. Түнде көруге мүмкіндік беретін арнайы құрылғының көмегімен екі адамның сұлбасы көрінді. Олар жануардың өлексесін көлікке тиеп жатқан.

Тәртіп сақшылары Audi автокөлігін тоқтатты. Оның ішінде ауданның 31 және 37 жастағы екі тұрғыны отырған. Көліктің жүксалғышынан екі сібір елігі табылды. Ер адамдардың аңшылықпен айналысуға рұқсат беретін құжаттары болмаған. Сондай-ақ көліктің салонынан оқсауытына 5 патрон салынатын 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы МР мылтығы, қызғылт түсті дақтар бар пышақ тәркіленіп алынды. Мылтықтың күдіктілердің ешқайсысының атына тіркелмегені анықталды.

Күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. “Бракоконьер” іс-шарасы 20 қазан мен 19 қараша аралығында өтіп жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберінде заңсыз аңшылық фактілерінің, аңшылық және балық аулау қағидалары бұзушылықтарының жолын кесу бойынша шаралар қабылданып жатыр Жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде заңсыз аңшылыққа қатысты 110 және балық аулауға қатысты 15 бұзушылық анықталды, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының құрамындағы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға