Жаңалықтар

СҚО-да үш тұрғын криптовалюта арқылы 700 млн теңгеге жуық пайда тапқан

СҚО-да үш тұрғын криптовалюта арқылы 700 млн теңгеге жуық пайда тапқан
Фото: ©Pixabay.com 20.01.2025 10:34 119

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, үш азамат тиісті лицензиясыз криптовалюта қабылдау және айырбастау операцияларын жүргізген. Олар криптовалюта биржаларынан алынған қаражатты пайдаланып, криптокошелек арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен айырбас операцияларын жүзеге асырған. Қазақстан Республикасының аумағында қызметі тыйым салынған криптобиржалар арқылы жасалған бұл операциялар заңсыз болды.

Заңсыз айырбас операциялары нәтижесінде схеманы ұйымдастырушылар цифрлық активтерді ұлттық валютаға айырбастаған. Жалпы айналым сомасы 681 млн теңгеден астам.
380 адам осы үш азаматпен криптовалюта бойынша транзакциялар жасағаны анықталды, бұл іс-әрекет банктік шоттардан алынған үзінділермен расталды.

Сот үш күдіктіге қатысты шешім қабылдап, оларды 2,5 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, мүліктерін тәркілеуге шешім қабылдады, - делінген мәліметте.

Құны шамамен 400 млн теңгені құрайтын мүлік тәркіленді, оның ішінде 10 млн теңге көлемінде активтер, 150 млн теңге бағасындағы жылжымайтын мүлік, жалпы құны 213 млн теңге болатын бес көлік, 12 млн теңге тұратын квадроцикл және қымбат компьютерлік жабдықтар бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға