Жаңалықтар

СҚО-да ұлы анасын туған күнінде ұрып өлтірді

СҚО-да ұлы анасын туған күнінде ұрып өлтірді
Фото: pixabay.com 12.08.2024 16:26 1261

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 59 жастағы ер адам өзінің туған анасын өлтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін де ұлы анасын бірнеше рет ұрған. Кейуана туған ұлының қолынан қаза тапқан күні 82 жасқа толған. Оқиға 9 тамыз күні Тайынша ауданындағы ауылдардың бірінде тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

Күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Ол 59 жастағы ер адам. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға