Жаңалықтар

СҚО-да төтеншеліктер тұтас бір ауылды өрттен қорғап қалды

СҚО-да төтеншеліктер тұтас бір ауылды өрттен қорғап қалды
Фото: istockphoto.com 20.04.2025 21:09 253

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Обуховка ауылының жанында 46 гектар алаңда құрғақ шөп өртенген. Екпіні 20 м/с дейінгі желдің салдарынан өрт тез таралып, ауылдың шетінде ЖШС аумағындағы шаруашылық құрылысына тараған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктердің жедел әрекеттерінің арқасында оттың Обуховка ауылына таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіруге барлығы 126 адам және 16 бірлік техника тартылды. Ауылды қорғау үшін оттың қозғалысын тоқтату үшін тракторлармен жерді жырту жүргізілді. Дронды пайдалана отырып қосымша әуе мониторингі жүргізілді. Бұл оттың таралу бағытын жедел бақылауға және жердегі іс-қимылдарды үйлестіруге мүмкіндік берді. Ауылға төнген қауіп толығымен жойылды, эвакуациялау қажет болмады. Зардап шеккендер жоқ,-делінген ТЖМ мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға