Жаңалықтар

СҚО-да су тасқынының екінші толқынына дайындық жүргізіліп жатыр

СҚО-да су тасқынының екінші толқынына дайындық жүргізіліп жатыр
Фото: Видеодан кадр 18.04.2024 01:32 570

Сергеев су қоймасында аққан судың ең жоғары көрсеткіші 425 см болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші толқын өткеннен кейін ол 250 см-ге дейін төмендеді. Қазіргі уақытта екінші толқынның келуіне байланысты су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қазір 265 см.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте өңірдегі ахуал туралы хабардар етті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласындағы жағдай күрделі. Қызылжар ауданының елді мекендерінде және облыс орталығы аудандарының бір бөлігінде су тасқыны болды. Петропавл қаласы бойынша 1626 үй, Қызылжар ауданында 1212 үй су астында қалды.

Күш пен қаражат жеткілікті. Оның үстіне, бүгін қалқымалы понтондары бар инженерлік әскер көмекке келді, - деп атап өтті спикер.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға