СҚО-да су тасқынының екінші кезеңінің алдын алуға дайындық басталды
Фото: ОКҚ
Фото: ОКҚ
20.04.2024 18:44
637
СҚО-да су тасқынының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Өңірдегі жағдай әлі де күрделі. Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында су тасқынының алғашқы толқыны өтіп, су деңгейі төмендеді. Алайда Сергеев су қоймасында су деңгейі көтерілуде. Қазіргі кезде ол 166% толып, су бөгет шыңынан 3 метр 48 см асты.
Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласынан эвакуацияланған халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 700 астам адам үйлеріне оралды, оның ішінде, 200 бала. Әлі эвакуацияланған болып 13 мыңнан астам адам қалуда. Бүгінгі күні су тасқынының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде, - деді СҚО ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға