СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға мыңнан астам жұмылдырылды

СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарындағы Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында Қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынына қарсы шараларға қазіргі таңда барлығы 1087 адам, 126 ТЖМ техникасы, ПД, ЖАО және ТЖМ әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып төселді. Сондай-ақ Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды.
Қызылжар ауданы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
ТЖМ эвакуациялық пункттер дайындалып, жағдай бақылауда екенін атап өтті.
