Жаңалықтар

СҚО-да су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді

СҚО-да су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 01.04.2024 20:15 558

Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне әуеден барлау жүргізілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

СҚО ТЖ департаментінің бастығы, полковник Ерік Сарыбаев пен облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов пен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен облыстың тасқын қаупі бар учаскелерін әуеден барлады.

Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандарында қардың көптігі салдарынан су басу қаупі сақталуда. Сонымен қатар Ақжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарында жағдай күрделі. Ақмола облысының су қоймаларынан көп мөлшерде су келуі ықтимал.

(Фото: ТЖМ)

Қазір өңірде барлық ресурстар жұмылдырылд. Күштер мен құралдар топтастырылды, техника дайындалды. Өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, облыс бойынша эвакуациялық пункттер құрылды. Инертті материалдар, қапшықтар, ЖЖМ және жүзу құралдары дайындалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға