Жаңалықтар

СҚО-да құтқарушылар ер адамды суға толы шұңқырдан шығарды

СҚО-да құтқарушылар ер адамды суға толы шұңқырдан шығарды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 02.02.2025 22:47 121

ТЖМ құтқарушылары ер адамды құдықтан шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Петропавлда ер адам құдыққа құлаған итті өз бетінше құтқаруға бел буып, тереңге өзі түсіп, итті достарына беріп жіберді. Алайда өзі суық суға толы терең ұңғымадан шыға алмай қалған.

Достарының шақыртуы бойынша келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік жабдықтың көмегімен ер адамды тұзақтан шығарды. Оған медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.

Бұл ретте ТЖМ өздігінен құдыққа түсу өте қауіпті екенін қаперге салады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға