СҚО-да құмар ойындарға әуес мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылды

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
11.03.2025 12:27
409
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы «1XBET» букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде «ставкалар» жасаған.
Осындай бұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты анықталды, - делінген мәліметте.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады
Келесі жаңалық
Алматыда заңсыз көше саудасымен күрес жалғасуда