Жаңалықтар

СҚО-да қазақ күресінен ІІМ чемпионаты аяқталды

СҚО-да қазақ күресінен ІІМ чемпионаты аяқталды
Фото: polisia.kz 22.04.2023 20:59 1944

СҚО-да қазақ күресі бойынша ІІМ-нің екі күндік республикалық спартакиадасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

СҚО-да құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері арасында қазақ күресі бойынша жарыс аяқталды. Екі күн ішінде А. Винокуров спорт сарайының кілемінде палуандар елдің барлық аймақтарының намысын қорғаған погон таққан үздіктердің үздігін анықтады. Жалпы, 32 командадан 176 қатысушы қатысты.

Спорттық мереке ҚР ІІМ және “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадалары аясында өтті және Ұлы Отан соғысының қатысушысы, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, милиция генерал-майоры Ахмет Тұмарбековтың 100 жылдық мерейтойына арналды. Жарыстың құрметті қонақтары аты аңызға айналған ардагер – “динамошы”, СҚО-дағы қазақ күресі бойынша КСРО-ның алғашқы спорт шебері Бауыржан Құлжанов, грек-рим, еркін күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, “Динамо” ДШСҚ Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов, Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы Думан Таев, спортшылар, облыс ақсақалдары болды.

ІІМ спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпы командалық біріншілікте Қарағанды облысы ПД спортшылары үшінші орынды алды. Түркістан облысы ПД екінші орынды иеленді.  Бірінші орынды Ақмола облысы полиция департаментінің командасы қанжығаға байлады. “Динамо” ФСО ведомствоаралық спартакиадасының нәтижелері бойынша командалық есепте үшінші орынды “Динамо” командасы иеленді. Екінші орынды ҚР ІІМ командасы жеңсе, бірінші орын Ұлттық гвардия командасына берілді.

ІІМ спартакиадасы аясында 100 келі және одан жоғары салмақта Ұлытау ПД қызметкері Құдайберген Тілеубаев бірінші орынды иеленді. 100 келі салмақта – Жетісу ПД қызметкері Жігер Сәкенұлы, 90 келі салмақта – Ақмола облысы ПД қызметкері Әсет Жүнісов, 82 келі салмақта – Жетісу ПД қызметкері Қуандық Есенеев, 74 келі салмақта – Жамбыл облысы ПД қызметкері Ерлан Махмұтов, 66 келі салмақта Ұлытау ПД қызметкері Данияр Әлепов жеңіске жетті. “Үздік техника үшін” номинациясында ҰҰ әскери қызметшісі Ержан Еренғайыпов марапатталды. “Жеңіске деген ерік үшін” номинациясымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері Медет Раисов, “Жылдам жеңіс үшін” номинацисымен Бас прокуратураның қызметкері Мақсат Айтымбетов маратталды.

100 келі және одан жоғары салмақтағы “Динамо” ДШСҚ ведомствоаралық спартакиадасы аясында бірінші орынды ІІМ қызметкері Олжас Шынкеев иеленді. 100 келі салмақта – ҚР ТЖМ қызметкері Қанат Өмірзақ, 90 келі салмақта – ҰҰ әскери қызметшісі Еламан Қойшыбаев, 82 келі – ҰҰ әскери қызметшісі Мәди Амангелді, 74 келі салмақта – ІІМ қызметкері Батырхан Қайырбек, 66 келі салмақта ҰҰ әскери қызметшісі Ержан Еренғайыпов жеңіске жетті.

Қазақ күресі — халқымыздың игілігі мен рәміздерінің бірі. Мұндай жарыстарға қатысу дене шынықтыруды нығайтып қана қоймай, жеке құрамның патриоттық тәрбиесіне ықпал етеді. Екеуі де Қазақстан полициясы келбетінің маңызды құрамдас бөлігі, – деп атап өтті СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға