Жаңалықтар

СҚО-да полицейлер шетелдік азаматтан тыйым салынған кітап тәркіледі

СҚО-да полицейлер шетелдік азаматтан тыйым салынған кітап тәркіледі
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 09.08.2024 18:26 460

СҚО-да полицейлер шетелдік азаматтан тыйым салынған кітапты тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы “Жаңа жол” шекара бекетінде экстремистік әдебиетті өткізу әрекетінің жолы кесілді. Қырғызстан Республикасының 30 жастағы азаматының басқаруындағы автокөлікті тексеру барысында 2020 жылы экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының барлық аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынған кітап табылып, тәркіленді.

Полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша материал жиналды. Сот шешімімен шетелдік айыппұл түрінде жауапқа тартылды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасынан хабарлағандай, жыл басынан бері облыста діни заңнаманың бұзылуының 19 фактісі анықталды.

Тәртіп сақшылары діни мазмұндағы материалдарды таратуға заңда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ғана жол берілетінін еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға