СҚО-да пәтерде қалып қойған екі жасар сәби құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
19.01.2025 06:30
102
СҚО-да құтқарушылар пәтерде жалғыз қалып қойған екі жасар балаға көмекке келді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, СҚО Булаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде анасы қоқысты шығаруға шыққанда, есік кенет жабылып, пәтерде 2022 жылы туған кішкентай бала қалып қойған.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, есікті ашып, балаға еш қауіп жоқ екеніне көз жеткізді. Анасы құтқарушыларға алғыс айтты, - делінген мәліметте.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады