СҚО-да бөгеттер мен біліктерді нығайту жұмыстары жалғасуда

Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
27.04.2025 22:44
302
Солтүстік Қазақстан облысында бөгеттер мен біліктерді нығайту жұмыстраы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірг қарасты Қызылжар ауданы Ольшанка ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды. Бұл ретте ұзындығы 300 метр су құятын бөгет орнатылып, 2,7 км жаңа қорғаныс білігі тұрғызылған. Сондай-ақ, қолданыстағы білік 800 м нығайтылып, 5 мың қап төселді.
Кешенді жұмыстарға еліміздің ТЖМ, СҚО ТЖД, Ақмола және Қостанай облыстарының 105 адамы мен 19 техникасы, СҚО ЖАО мен ҚАЖД жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінш, іс-шаралар халықты су тасқынынан қорғау үшін тәулік бойы жүргізілмек.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Маңғыстауда табиғат тазалығын бақылау мақсатында дрон ұшырылды