Жаңалықтар

СҚО-да бір табын қой көлік астына түсті

СҚО-да бір табын қой көлік астына түсті
Фото: ©pixabay.com 14.06.2024 17:45 337

СҚО-да бір табын қой көлік астына түсті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Жезқазған – Петропавл автожолында Қызылжар ауданының Семипалатное және Рассвет ауылдары арасында таңғы уақытта Toyota автокөлігінің алдында жолда бір топ қой күтпеген жерден пайда болды. Жүргізуші, облыс аудандарының бірінің тұрғыны малды абайсызда соғып кетті.

Апат салдарынан 8 қой өлді, көлікке механикалық зақым келді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

ЖКО тудырған жануарлардың иесіне қатысты үй жануарларын бағу ережелерін бұзғаны үшін хаттама жасалды. Қаңғыбас мал қауіпті болуы мүмкін екенін еске саламыз. Еркін жайылымға жол бермеулеріңізді сұраймыз. Аудандық ПБ қызметкерлері мұндай оқиғалардың алдын алуды тұрақты негізде жүргізеді, – деді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға