СҚО-да азаматтық қорғау саласының мамандары арасында қазақ күресінен турнир басталды
Солтүстік Қазақстан облысында қазақ күресінен азаматтық қорғау саласының қызметкерлері арасында республикалық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Петропавлда 10 облысының атынан қатысатын 100-ден астам балуанның қатысып жатыр. А.Винокуров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан іс-шара қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған. Турнир бір минут үнсіздіктен және бейнефильмді көруден басталды.
Жарысқа қатысушыларға ТЖД бастығы полковник Ерік Сарыбаев пен облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде іс-шараның маңыздылығына, ежелгі ұлттық күресті насихаттауға назар аударды және қатысушыларға адал сайыста жеңіс тіледі.
Қазақстанның өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың «Бейбіт күннің батырлары» қоғамдық қоры ұйымдастырған турнир 2 күнге созылатын болады.