Жаңалықтар

СҚО-да ауыл ұжымдары гала-концерт өткізді

СҚО-да ауыл ұжымдары гала-концерт өткізді
Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 16.07.2024 03:27 596

Солтүстік Қазақстан облысында көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдарының «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2024»  атағына алғашқы облыстық байқау-конкурсының гала-концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Байқау қорытындысы бойынша облыстың әр түкпірінен әртүрлі ұжымдар қатысып, көрермендер мен қазылар алқасы үздік қойылымдарды тамашалады. 

Байқау қорытындысы бойынша СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов үздік өнерпаздарды марапаттады. Гран-При мен микроавтобусты Есіл ауданы жеңіп алды. Осы шараға атсалысқан барлық топтарға өңір басшысы алғыс білдірді. 

Байқау гала-концерт дәстүрлі болып, жыл сайын өткізіліп тұрмақ. Бұл ауыл адамдарын ынталандырып,  шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға септігін тигізеді", - деп жазды өңір басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға