Жаңалықтар

СҚО-да 7 медициналық объектінің құрылысы басталды

СҚО-да 7 медициналық объектінің құрылысы басталды
Фото: gov.kz 26.07.2023 02:30 528

Солтүстік Қазақстан облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырыла бастады,  деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық жоба екі жылдың ішінде  ауылдарды, оның ішінде шалғайдағы  жету қиын ауылдарды медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, аудандық ауруханаларды көп бейінді медициналық мекемелердің деңгейіне дейін жаңғыртады және ауылдағы медициналық көмектің басқа да бағыттарын жетілдіреді, сондай-ақ 655 медициналық объектінің құрылысын көздейді.

Бүгінгі таңда 99 медициналық объектінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізуге қаражат бөлінді.

СҚО-да ұлттық жобаға сәйкес 7 МСАК объектісі бойынша құрылыс жоспарланған.

Осыған байланысты облыста барлық 7 медициналық объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Бұл  Ғабит Мүсірепов атындағы Тахтаброд және Привольное ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер,  Жамбыл ауданының Кладбинка ауылындағы медициналық пункт, Қызылжар ауданының Якорь және Прибрежное ауылдарындағы,  М. Жұмабаев атындағы ауданның Қарақоға және Возвышенка  ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға