Жаңалықтар

СҚО аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды

СҚО аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 12.11.2023 02:25 820
Солтүстік Қазақстан облысында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы екі сыбайласымен бірге жеті жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
 
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы Айдын Қазжанов мердігер компанияның директоры Юрий Цековпен бірге бюджет қаражатын ірі көлемде және бірнеше рет ұрлағаны үшін жауапқа тартылды. Техникалық бақылау инженері Жанкелді Ешмұхамедов та оларға өз қызметімен көмектескен.
 
Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы маусым мен қараша айларында үшеуі өзара келісіп, жолды жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған. Сол кезде атқарылған жұмыстар туралы жалған актілер жасалды. Ал барлық жұмыс артығымен көрсетілді. Атап айтқанда, "Шұқыркөл-Беспавловка" жолын жөндеуге қыруар қаржы бөлінді. Бірақ ешқандай жұмыс атқарылған жоқ. Осылайша, бюджеттен 427 миллион теңге ұрланды.
 
Сотта қылмыстық топтың кінәсі дәлелденді. Куәгерлер мен мамандар бәрін растады. Сарапшылар да өз тексерісін өткізді. Судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды анықтады. Сотталушылардың кәмелет жасқа толмаған балалары бар. Ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Қазжанов, Цеков пен Ешмұхамедов кінәлі деп танылып, әрбіреуі жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үшеуі де қауіпсіздігі орташа мекемеге жіберіледі, - деп жазылған ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, Қазжанов өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Ал Цеков пен Ешмұхамедовке қаржы және коммерциялық ұйымдарда 10 жыл бойы басшылық қызметті атқаруға тыйым салынды. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға