Спутниктік мониторингте Қазақстанның 116 млн га ауыл шаруашылығы жері бар
![Спутниктік мониторингте Қазақстанның 116 млн га ауыл шаруашылығы жері бар Спутниктік мониторингте Қазақстанның 116 млн га ауыл шаруашылығы жері бар](/storage/storage/element/2025/02/11/mainphoto/141986/1200xauto_JNHmPzLsgTJgveh6HDOkTzX9smzG1QViLcyGIZU4.png)
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Үкімет отырысында Қазақстанда жердің спутниктік мониторингі жүргізіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұрын жерді ұтымды пайдалануды тексеру қиын болғанын түсіндірді. Инспекторлар өздері сол жерлерге барып, бәрін қолмен тексеретін. Барлық жұмыс қағаз жүзінде жүргізілді. Мемлекеттік базалар арасында байланыс болмады. Бүгінгі таңда бұл үдеріс цифрландырудың арқасында жеңілдетілген.
«Жер инспекторы» жүйесі іске қосылды, оның шеңберінде келесідей шаралар қабылданды:
Спутниктік мониторинг енгізілді - қазір елдің барлық аумағы бақылауда. Жер иелері SMS және жеке кабинеттер арқылы автоматты түрде хабарлама алады. Барлық мемлекеттік органдарға қолжетімді бірыңғай деректер базасы құрылды.
Қазір 116 млн га ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторингі жүргізілуде. 2022 жылдан бастап жерді тиімсіз пайдалану салдарынан 12 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 2025 жылы тағы 2 млн гектар жерді қайтару жоспарлануда. Жергілікті тұрғындар үшін 5 млн га ауыл шаруашылығы жерлері қайта бөлінді,— деді Дмитрий Мун.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)