Жаңалықтар

Спорттағы сыбайлас жемқорлық: Серік Сәпиев қылмыстық істер туралы айтты

Спорттағы сыбайлас жемқорлық: Серік Сәпиев қылмыстық істер туралы айтты
Фото: Антикор 05.04.2024 14:00 856

Ұлттық олимпиада комитетінің Паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президенті Серік Сәпиев спорттағы сыбайлас жемқорлық туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Серік Сәпиев Instagram парақшасында спорт түрлері бойынша қаражатты тиімсіз бөлінетіні жөнінде атап өтті.

Қазіргі уақытта спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 39 қылмыстық істі Антикор тергеп жатыр. Агенттік басшысы Асхат Жұмағалидің төрағалығымен, қоғам қайраткерлері, орталық және өңірлік мемлекеттік органдар спорт саласында жүргізілген талдау нәтижелерін талқыладық. Жиында мен легионерлер саны, спорт түрлері бойынша қаражатты тиімсіз бөлу, жергілікті атқарушы органдардың елдегі спортты дамытудағы жауапкершілігі туралы мәселені көтердім. Сондай-ақ Антикор қоғамдық кеңесі шеңберінде спорт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айттым, - дейді ол.

Сондай-ақ спорт саласы ашық болуы тиіс деп есептейтінін айтты.

Спорт ашық болуы тиіс және бөлінетін қаражат ұлт денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамытуға жұмсалуы керек, – деп жазды Серік Сәпиев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға