Жаңалықтар

Спортшы Майя Манезаның күйеуі, ауыр атлет Вячеслав Ершов қайтыс болды

Спортшы Майя Манезаның күйеуі, ауыр атлет Вячеслав Ершов қайтыс болды
Фото: Ауыр атлетика федерациясы 30.01.2024 00:00 5701

Ауыр атлетикадан 2006 жылғы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Вячеслав Ершов өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қаралы хабарды Ауыр атлетика федерациясы растады.

2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Вячеслав Ершов қайтыс болды.

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының командасы Вячеславтың туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, қайғырып көңіл айтады» деп жазылды федерацияның желі парақшасында.

Вячеслав Ершов 2013 жылы спортшы Майя Манезамен отау құрған. Екеуінің ортақ екі баласы бар. Әзірге ауыр атлеттің неден қайтыс болғаны туралы ақпарат жоқ. Әлеуметтік желіде достары көңіл айтып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Альберт Линдер, Владимир Седов секілді ауыр атлеттер өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқан. Айналдырған 2-3 жылдың ішінде үшінші ауыр атлет өмірден өтіп отыр.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға