Спорт пен ойын-сауық қызметтерінен 416,6 млрд теңге табыс түсті
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті
Қазақстанда спорт және демалыс саласында қызмет көрсету көлемі 416,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасында спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру саласында көрсетілген қызмет көлемі 416,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға артық.
Айта кету керек, ауылды жерлерде қызметтің бұл түрі 39,9 млрд теңгеге (жалпы көлемнің 9,3%) көрсетілген.
Өңірлік тұрғыда қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматы қаласына тиесілі: 238,7 млрд теңге. Үздік үштікке сондай-ақ Астана (49,7 млрд теңге) мен Маңғыстау облысы (11,2 млрд теңге) кірді. Көрсетілген қызметтің ең аз көлемі Абай облысына тиесілі – 2,7 млрд теңге.
Соның ішінде, 2022 жылдың алғашқы үш тоқсанында фитнес-клубтар саласында көрсетілген қызмет көлемі 29,7 млрд теңгені құрады.
