Жаңалықтар

Спорт басқармасының басшылары 369 миллион теңгені жымқырған

Антикор Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғаларын тергеуді бастады
Спорт басқармасының басшылары 369 миллион теңгені жымқырған
Фото: sputnik.kz 23.08.2022 13:05 998

Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға